Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы виртуалды кеңістікте қауіпсіздік орнатуға талпынуда
(last modified Wed, 19 Jul 2017 03:02:18 GMT )
Шіл 19, 2017 09:02 Asia/Almaty
  • Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы виртуалды кеңістікте қауіпсіздік орнатуға талпынуда

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер Сыртқы Істер Министрлерінің Минсктегі отырысында виртуалды кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алаңында ынтымақтастық жасау туралы ортақ мәлімдеме жарияланды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Сыртқы Істер Министрлерінің отырысы қатысушылардың виртуалды кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талпыныс жасау, сонымен қатар, мүше елдердің осы алаңда әріптестік жасауы туралы келісімге келуімен аяқталды.

Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігі дүйсенбі күні: "Бұл отырыста аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер мен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің аймақтарындағы көкейкесті тақырыптар талқыланды. Қатысушылар халықаралық деңгейде ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады" деді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының екінші жартыжылдық және алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған саяси кеңесулердің бағдарламасы, аталмыш ұйымға мүше елдердің әскери-техникалық ынтымақтастықтары келісіміне кепілдік беру протоколы Минск отырысында бекітілген құжаттардың қатарына жатады.

Ресейлік тараптың өтінішімен Минск отырысына қатысушылар Украина сияқты елдерде Германияның нацистерін жақтаушы кейбір адамдарды қаһарман етіп көрсету әрекеттерін айыптау туралы мәлімдеме бекітті.