Еуроодақ пен Түркия босқындар жайлы келісті
Нау 17, 2016 15:51 Asia/Almaty
Еуроодақ пен Түркия босқындардың Эгей теңізінен Еуропаға баруын тоқтату жөнінде келісті.
Францияның «Ле Фигаро» газеті интернет сайтының сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Еуроодақтың 28 елі мен Түркия босқындардың Эгей теңізінен Еуропаға заңсыз тасымалын тоқтатуға қатысты шара қолдану жөнінде келіскен.
Бұл келісімде Түркия азаматтарына 2016 жылдың маусым айына дейін виза беруді тоқтату, Түркияның Еуроодаққа кіруіне қатысты келіссөздерді тездету, ең көп дегенде 72 мың сириялық босқынды БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі аға комиссарының көмегімен Түркиядағы босқындар қосынынан тікелей Еуропаға тасымалдау көзделген.
Тегтер