«Ортақ қадам» АҚШ-тың халықаралық міндеттемелерге қатысты уәде бұзушылықтарын әшкереледі
Ресейдің Саяси стратегиялар орталығының басшысы: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уағдаластықтарды бұзу арқылы өзін халықаралық міндеттемелерді бұзушы ең үлкен ел екенін көрсетті» деді.
Ресейдің Саяси стратегиялар орталығының басшысы Сергей Михеев Венада өткен «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын үйлестіру комиссиясының отырысына тоқталып: «Иран мен «алтылық» елдері «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына ядролық саладағы барлық қайшылықтарды толығымен шешу үшін қол қойып, оның баптарын толық орындауға міндеттеме алды. Алайда, АҚШ уәдеде тұрмай, осы халықаралық келісімді бұзды.
АҚШ‑тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылығы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарар қабылдап, барлық тараптардың осы халықаралық келісімге берік болу қажеттігін қуаттаған жағдайда орын алып отыр.
АҚШ‑тың уәде бұзушылығының ең жаңа мысалы Иранның 18 азаматы мен ұйымына санкция салуы болды. Вашингтон мұны жуырда Теһранның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына беріктігін мойындаса да, зымырандық бағдарлама мен аймақтық өзгерістер сылтауымен қабылдады.
АҚШ‑тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын қайта қарастыруға қақысы жоқ. Вашингтонның талабы бойынша келіссөздер қайта басталмайды. Керісінше, бұл халықаралық келісім толығымен орындалуы тиіс»,‑деп қуаттады.
«Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын үйлестіру комиссиясының отырысы жұма күні Венада Вашингтонның уәде бұзған жайттарын жариялаумен аяқталды.