«Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау үшін АҚШ саяси ерік-жігерді қажет етеді
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: «Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындау үшін саяси ерік-жігерді қажет етеді»,-деп қуаттады.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф 20 шілдеде «Нью-Йорк Таймс» газетіне сұхбат берді. Оның мәтіні кеше дүйсенбі күні жарияланды.
Зариф осы сұхбатта: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – АҚШ пен Иран арасындағы екіжақты келісім емес, көпжақты келісім. Әлемдік қауымдастықтың пікірінше «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сәтті келісім болып, көздеген мақсатқа жетті. АҚШ-тың жаңа үкіметі осы келісімге қатысты өзінің міндеттемелерін толық орындау үшін тиісті шараларды атқаруы тиіс.
Барлық тараптар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ізгі ниетпен орындауға күш салуы керек. Бұл мәселе баршаның мүддесіне сай болады»,-деді.