Трамп Иранға қоқан-лоққы жасады
АҚШ президенті мағынасы жоқ сөзінде Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына берік болмауының салдары туралы қисынсыз ескерту жасады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні таңертең: "Егер ИИР "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты өз міндеттемелеріне берік болмаса, Иран үшін көптеген қиындық туындайды",- деп мәлімдеді.
Трамп Огайо штатында "Ортақ қадам" бағдарламасын жаман келісім деп атап: "Бұл жаман келісімнің арқасында Иран басынып кетті, бірақ мұндай жағдай тоқтатылады",- деп мәлімдеді.
АҚШ президенті мұның алдында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен қоса өзі мен АҚШ-тың басқа да лауазымды тұлғалары "Иран ядролық келісімге берік" деп мәлімдеген жағдайда ИИР-на "Ортақ қадам" бағдарламасына берік болмауы туралы ескерту жасап отыр.
ИИР жауапты тұлғалары әрдайым АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты ескертулеріне жауап беріп, Дональд Трамп үкіметінің әрбір әрекетіне бұдан қаттырақ шара қолданатынын қуаттап келеді.