Мәскеу Талибанға қару-жарақпен көмектеспейді
(last modified Thu, 27 Jul 2017 08:33:51 GMT )
Шіл 27, 2017 14:33 Asia/Almaty
  • Мәскеу Талибанға қару-жарақпен көмектеспейді

Ресей СІМ сәрсенбі күні Мәскеудің Талибан тобына қару-жарақпен көмектеспейтінін айтып: «Талибан мүшелерінің қолындағы ресейлік қару-жарақтар туралы таралған бейнетаспалар жалған»,-деді.

АҚШ-тың CNN телеарнасы жуырда Талибан мүшелеріне тиесілі деп санайтын бейнетаспаларды жариялады. Онда олардың Ресейде жасалған қару‑жарақтарын тазартып отырғаны көрсетілген. 

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей СІМ мәлімдеме жасап, Мәскеудің Талибан тобын қару‑жарақпен қамтамасыз етуге қатысқанын теріске шығарып: «Мұндай уәждер Батыс ақпарат құралдары тарапынан ерекше мақсатта айтылып отыр»,-деді.

Ресей СІМ-нің мәлімдемесінде CNN телеарнасы тарапынан таратылған бейнетаспаларда көрсетілген қару‑жарақтардың Ресейде жасалмайтыны айтылып, бұл қару‑жарақтардың АҚШ-тың Ауғанстанға шабуылы кезінде осы елге Вашингтон тарапынан әкелінгені еске салынды.