«American Enterprise» зерттеу институты: Путин – мәңгілік басшы
«American Enterprise» институты: «2018 жылы наурызда Ресейде өтетін президенттік сайлаудың шарттарына сәйкес, қазіргі Президент Владимир Путиннің байсалды бәсекелесі жоқ»,-деп сараптама жасады.
«American Enterprise» институты өзінің сайтында жариялаған «Путиннің мәңгілік билігі» атты мақаласында Ресейдің қазіргі Президенті Владимир Путинді өзіне дейінгі басшыларға керісінше Кеңес одағының құлауын апат деп атайтын: «Бұл апаттың өтемі болуы керек. Ресей өзінің гүлденген кеңестік дәуіріне қайта келуі керек» деп санайтын табанды отансүйгіш" деп жазды.
Бұл мақалада: «Сонымен қатар Путиннің көзқарасы бойынша, «АҚШ әлемді басқарып отыр. «Қарумен басқаруды» доғарудың жолы – Ресейді гүлденген дәуірге қайтару»,-деп келтірілген.
«American Enterprise» институты Путиннің Украинаның шығысы мен Қырым түбегіндегі дағдарыс пен Сирия дағдарысындағы айшықты рөлін Ресей халқы арасындағы оның танымалдығының арту факторларының бірі деп атады.
Бұл зерттеу институты мұнымен бір мезгілде қаржы жемқорлығы мен экономикалық және тұрмыстық қиындықтардың болуын Путин қарсыластарының оның үкіметінің жұмысына күмән тудыру үшін қолданатын мәселелері деп сараптады.