Австралияда бір лаңкестік әрекет залалсыздандырылды
Шіл 30, 2017 19:49 Asia/Almaty
Австралияның премьер-министрі Малкольм Тернбулл елдің қауіпсіздік аппараттарының ұшақты құлатуды мақсат еткен бір лаңкестік жобаны залалсыздандырғанын хабарлады.
Жобаның алдын алу операцияларында 4 адам құрықталды. Тернбуллдың айтуы бойынша, Австралияның әуежайларында қауіпсіздік орнаған. Австралияның лаңкестікпен күрес полициясы сенбі күні полиция күштерінің Сидней қаласының төрт ауданында лаңкестікке қарсы операцияларды жүзеге асырғанын мәлімдеді. Австралия – 2014 жылдан бері лаңкестер тарапынан ықтималды шабуылдармен күресуге дайын жағдайда отырған ел.
Тегтер