АҚШ Сириядағы содырларға қару-жарақ жөнелтуді жалғастырып жатыр
АҚШ Сириядағы наразы күрдтік топтарға 809 жүк көлігі мөлшерінде әскери көмек жіберді.
Түркияның NTV телеарнасы: "АҚШ Сирияның солтүстік-шығысындағы Сирияның демократиялық одағы партиясына қолдау ретінде қару-жарақтар мен оқ-дәрі тиелген 80 жүк көлігін жөнелтті. Осы тиелімді қосқанда көмектердің мөлшері 809 жүк көлігіне жетті" деді.
Түркиялық ақпарат құралының мәліметі бойынша, қару-жарақтар Ирак шекарасындағы Хасака облысында Сирияның демократиялық одағы партиясына тапсырылған.
Аталмыш телеарнаның мәліметіне сәйкес, АҚШ үкіметі ДАИШ лаңкестік тобымен күресу және Ракка қаласын осы ұйымның лаңкестерінің қолынан азат ету сылтауымен осы уақытқа дейін Сирияның демократиялық одағы партиясы мен Сирияның халықты қорғау бөлімшелерінің ықтиярына 809 жүк көлігіне тиелген қару-жарақ пен оқ-дәрі берген.
Түркия үкіметінің айтуынша, АҚШ өзінің одақтасы деп санайтын Сирияның демократиялық одағы партиясы мен Сирияның халықты қорғау бөлімшелері Сирияның Хасака облысынан бастап Түркияның Хатай облысына дейінгі арақашықтықта орналасқан шекара сызығын басып алуды көздеп отыр.
Содырларды қаруландыру мәселесі Анкара мен Вашингтон арасында текетірес тудырып отырған мәселелердің бірі.