Ұлыбританияда бір дәрігер науқастарды емдеу кезінде 118 рет зорлық жасады деп айыпталуда
(last modified Fri, 04 Aug 2017 02:14:40 GMT )
Там 04, 2017 08:14 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда бір дәрігер науқастарды емдеу кезінде 118 рет зорлық жасады деп айыпталуда

Лондонда тұратын бір британиялық дәрігер 9 жылдық медициналық қызметі кезінде 118 рет жыныстық зорлық әрекетін жасады деп айыпталып отыр.

Ұлыбританияның полиция қызметі Лондонның шығысында тұратын британиялық дәрігердің 2004-2013 жылдар аралығында  науқастарды емдеу барысында 118 рет жыныстық зорлық жасағанын мәлімдеді.

2013 жылы жарияланған статистикалық мәліметке сәйкес, 85 мың рет орын алған жыныстық зорлық әрекеттері арасында 73 мың жайт әйелдер мен қыз балаларға жасалса, 12 мың жайт ер адамдарға қарсы жасалған.

 

Тегтер