АҚШ Ирак халықтық күштерінің Сирия шекарасына жақын позицияларына әуе шабуылын жасады
(last modified Tue, 08 Aug 2017 10:53:41 GMT )
Там 08, 2017 16:53 Asia/Almaty
  • АҚШ Ирак халықтық күштерінің Сирия шекарасына жақын позицияларына әуе шабуылын жасады

Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарасты "Сейіт аш-Шохада" батальондары дүйсенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, америкалық қырғи ұшақтардың осы батальондардың Ирак пен Сирия шекарасына жақын орналасқан позицияларына шабуылы салдарынан көптеген мүшелерінің шәһид болып, жарақаттанғаны туралы хабарлады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Сейіт аш-Шохадо" батальондары АҚШ-тың қырғи ұшақтарының осы күштердің Сирия мен Ирак шекарасы маңындағы позицияларына жасаған шабуылы салдарынан кемінде 40 адамның шәһид болып, көптеген адамның жарақат алғанын хабарлады.

Ирактың "Сейіт аш-Шохадо" батальондары АҚШ-тың бұл әрекетінің жауапсыз қалмайтынын қуаттады.

Мұның алдында да америкалықтар лаңкестерге қолдау көрсету мақсатында Ирактағы ДАИШ лаңкестерінің жеңіліс табуында маңызды рөл атқаратын "Хашд аш-Шааби" күштерінің позицияларын нысанаға алған болатын.

Ресей Қарулы күштері Бас штабының оперативті басқармасының төрағасы Сергей Рудской жуырда: "АҚШ басқаруындағы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция Сирияда ДАИШ-тың көзін құртуға кедергі жасайды",- деп мәлімдеді.

Тегтер