АҚШ Ирактың Талль-Афар қаласының маңында әскери база салып жатыр
(last modified Fri, 11 Aug 2017 03:23:55 GMT )
Там 11, 2017 09:23 Asia/Almaty
  • АҚШ Ирактың  Талль-Афар қаласының маңында әскери база салып жатыр

Ирак Армиясының ауыр әскери техника бөлімшесінің басшысы АҚШ-тың Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының батысында орналасқан Талль-Афар қаласының маңында әскери база салып жатқанын мәлімдеді.

2017 жылдың шілде айының оны күні Нейнава облысының орталығы Мосул қаласы ДАИШ-тің қолынан толығымен азат етілгеннен кейін ирактық біріккен күштер Талль-Афар қаласын ДАИШ-тің басқыншылығынан азат етуге дайындалып жатыр.

Иран Телерадио бірлестігінің бейсенбі күнгі  "Спутник" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ирак Армиясының ауыр әскери техника бөлімшесінің басшысы Мехди әл-Хафаджи:" Өткен аптада Мосул қаласының Заммар аймағында өткен ирактық және америкалық күштердің келіссөздерінен кейін АҚШ-тың ДАИШ лаңкестерінің бақылауындағы Талль-Афар қаласының маңында әскери база салу мәселесі көтерілді" деді.

Осы ирактық әскери көздің айтуынша, америкалық база құрылысының 50 пайыздан астамы аяқталып, ол жерге америкалық күштер орналастырылған.

АҚШ бірнеше одақтас елмен бірігіп, 2014 жылы Иракта ДАИШ лаңкестік тобымен күрес сылтауымен ДАИШ-ке қарсы коалиция құрып, кей кездері ирактық азаматтар мен әскерилерді нысанаға алып отырған жағдайда бұл әскери базаны Талль-Афардағы лаңкестерді қуу мақсатында пайдаланатыны туралы уәж айтуда.

 

Тегтер