Теһран-Астана қарым-қатынастары мәдени келісімге қол қойылғаннан кейін кеңейе түседі
Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Иран мен Қазақстан арасында мәдени келісімге қол қойылғаннан кейін Теһранда тілшілерге берген сұхбатта мәдени келісімнің екі елдің қарым-қатынастарының тереңдей түсуіне ықпал ететінін қуаттады.
Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Абузар Ибрахими Торкаман бейсенбі күні Иран мен Қазақстан үкіметтерінің жасалған келісімді жүзеге асыру үшін қажет бюджет бөліп, шара қолданатынын баса айтып: "Бұл келісім алдағы бірнеше жылға арналған екі ел арасындағы мәдени байланыстар жоспарын қамтиды" деді.
Қазақстанның Мәдениет, туризм және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да тілшілерге берген сұхбатта: "Иранмен мәдени келісімге қол қою Теһран мен Астананың мәдениет, өнер және спорт салаларындағы ынтымақтастықтар деңгейін арттыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады" деді.
29 тараудан тұратын мәдени келісімге екі күнге созылған келіссөздерден кейін бейсенбі күні Иранның Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы Абузар Ибрахими Торкаман мен Қазақстанның Мәдениет, туризм және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қол қойды.
Осы келісім жасалғаннан кейін кинематография, театр, музыка салаларында екі жақты серіктестіктер және қолжазбалар мен Иран-Қазақстанның мәдениет қайраткерлері арасында ынтымақтастық орнату, көрмелер, сурет көрмелері және мәдени апталықтар өткізу бөлімдеріндегі екіжақты ортақ әріптестіктер жүзеге асырылатын болады.