Мәскеудегі Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің экономика министрлерінің отырысына шолу
(last modified Sat, 19 Mar 2016 10:46:32 GMT )
Нау 19, 2016 16:46 Asia/Almaty
  • Мәскеудегі Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің экономика министрлерінің отырысына шолу

18-ші наурызда Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше алты елдің министрлерінің отырысы өтті. Бұл отырыста Шанхай Ынтымақтастық ұйымының кеңістігінде азат сауда аймағын құру перпективасы талқыланды.

Шанхай тобы 1966-шы жылы құрылды. Кейін 2001-ші жылы оған Өзбекстанның қосылуымен аталмыш топ Шанхай Ынтымақтастық ұйымы деп атауын өзгертті.

Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі жағдайдан туындаған қауіпсіздік, қорғаныс және әскери ынтымақтастықтар сынды басты мақсаттарынан басқа осы кезде ұйымның экономикалық органдары мен негіздері нығайтылып, экономикалық потенциалдарға назар аударылып, нарық құру мен қарым-қатынастарды жеңілдету салаларында ынтымақтастықтар жасалуда.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының мүшелері, әсіресе Ресей мен Қытай Орталық Азия мен Кавказ аймақтарындағы, сондай-ақ Солтүстік және Шығыс Азиядағы өзгерістерге байланысты бүгінде жағдайды экономикалық, сауда және өнім өндіру салаларында ынтымақтастық жасау үшін тиімді деп бағалайды.

Сол себепті Ресейдің Экономика министрі Алексей Улюкаев: «Шілде айына дейін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының негіздері бойынша азат сауда кеңістігін құру туралы құжат реттеледі»,- деп айтты. Ол Ташкент отырысы құжатының қарастырылып, расталу үшін Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитіне ұсынылатыны туралы айтты. Аталмыш құжаттың баптарына сай ынтымақтастықтар Азия тауараларына қол жеткізіп, мүше елдеріне қызмет көрсетуді арттырады.

Экономикалық мәселелер мамандарының айтуынша, бұл мәселе экономика, сауда, өнеркәсіп, қорғаныс пен әскери салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейтеді. Өйткені Орталық Азия мемлекеттерінің көбі өздерінің қорғаныс саладағы қажеттіліктерін Қытай мен Ресей арқылы қамтамасыз етеді. Өткен жылдардағы Шанхай Ынтымақтастық ұйымы мүшелерінің бірнеше әскери жаттығуы дәл осы мәселені растайды.

Энергия, мұнай мен газ ынтымақтастықтарға әсер ететін факторлар болып саналады. Орталық Азия көптеген энергетикалық ресурстарға ие. Қытай болса әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші тұтынушы болып саналады. Сондықтан Қытай Шанхай Ынтымақтастық ұйымының экономикалық-энергетикалық кеңістігінің серіктесі әрі тұтынушысы ретінде үлкен ықпалға ие.

Ресейдің энергетикалық ресурстарға ие болып, әскери өнеркәсібінің дамуы аталмыш ұйымның мүшелерімен экономика, сауда мен энергетика салаларындағы перспективаларын анықтайды.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің экономикалық-сауда бөлімдеріндегі жетістіктері ұйымның шекараларынан асып, әлеммен қарым-қатынастарының жаңа кезеңіне қадам баса алады.

Саяси мамандардың пікірі бойынша, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы АҚШ басқарған Батыстың саясаттарына қарсы тұруда. Орталық Азия, Қытай мен Ресей арасындағы алдағы ынтымақтастықтар әскери салада емес, экономика мен сауда және қаржы салаларында кеңейеді. Шын мәнінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының экономикалық үдерісі сындарлы әрі қисынды стратегияға айналады.

Тегтер