Иранның Атом қуаты ұйымының басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» белгісі берілді
(last modified Sat, 12 Aug 2017 14:52:17 GMT )
Там 12, 2017 20:52 Asia/Almaty
  • Иранның Атом қуаты ұйымының басшысына Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» белгісі  берілді

ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехидің дипломатиялық талпыныстары мен атқарған шараларын бағалап, оған «Құрмет» белгісін берді.

Бұл белгіні табыс ету рәсімі Иран мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Қазақстанның Теһрандағы елшілігінде осы елдің Мәдениет, туризм және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен өткен мерекелік шарамен бір уақытта болды.

Шарада Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытудағы достық қадамдарын, әсіресе Алматыда ядролық келіссөздердің бірнеше кезеңін  ұйымдастырғанын жоғары бағалап, ҚР Президентіне «Құрмет» белгісін бергені үшін алғыс айтты.

Салехи, сондай-ақ, халықаралық және екіжақты байланыстарды тілге тиек етіп, Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолындағы кедергілерді жою үшін көбірек талпыныстардың жасалуына мүдделік танытты

 

Тегтер