Солтүстік Кореядағы еріктілер АҚШ-пен соғысуға дайын
(last modified Sat, 12 Aug 2017 16:03:37 GMT )
Там 12, 2017 22:03 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореядағы еріктілер АҚШ-пен соғысуға дайын

Солтүстік Кореядағы ақпарат құралдары шамамен 3,5 млн еріктілер күшінің АҚШ-пен соғысуға дайын екенін хабарлады.

Солтүстік Кореядағы "Родонг Синмун" газеті АҚШ-тың осы елге қарсы авантюристік әрекеттері күшейген жағдайда 3,5 млн ерікті әскеридің соғысуға дайын екенін хабарлады. АҚШ Президентінің Пхеньянға қарсы бұрын-соңды болмаған қоқан-лоққысынан кейін Солтүстік Корея тамыз айының ортасына дейін Гуам аралында орналасқан америкалық күштердің базасына зымырандық шабуыл жасау жобасын аяқтайтынын ескертті.  

Дональд Трамп тағы да Солтүстік Кореяға қоқан-лоққы көрсетіп: "Вашингтон Солтүстік Кореяға шабуыл жасауға оқталып, қолын шүріппеге қойып отыр",-деді.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі  Корей түбегінің жағдайы АҚШ пен оның одақтастарының бұл елге қарсы дұшпандық, арандатушылық және біржақты саясаттары салдарынан шиеленістің жоғарғы деңгейінде тұр.

 

Тегтер