Түркияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру ұсынысына келісім беру үшін Армения шарт қойды
(last modified Mon, 21 Aug 2017 15:41:16 GMT )
Там 21, 2017 21:41 Asia/Almaty
  • Түркияның Еуразиялық экономикалық одаққа кіру ұсынысына келісім беру үшін Армения шарт қойды

Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы үшін ұйымның қазіргі барлық мүшелерінің келісімін алуы қажеттігін мәлімдеді.

Шаварш Кочарян одақтың кедендік аймағына басқа елдердің кіруі үшін арнайы ереженің қарастырылмағанын айтып: "Түркия басшыларының елінің Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аймағына қосылу жайындағы сөздері Түркия Армениямен арадағы шекараны жауып отырған жағдайда күлкілі естіледі.

Түркия мен Армения арасындағы шекараны қайта ашу Түркияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу ұсынысына Арменияның келісім беру шарттарының бірі болады",-деді.