Лавров: Америка басшылары психикалық тұрғыдан сау емес
Ресей Сыртқы істер министрі «Вашингтонның Сан-Франциско, Вашингтон және Нью-Йорктегі үш дипломатиялық орталықты жабу туралы шешімі америкалық басшылардың психикалық тұрғыдан ауытқушылықтарға ие екендігін көрсетеді",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров жұма күні америкалық лауазымды тұлғалардың психикалық тұрғыдан аутықушылықтарға ұшырағандығының белгілерін байқауға болатындығына сілтеме жасап: "Мәскеу міндетті түрде АҚШ-тың осы үш қаладағы Ресейдің дипломатиялық орталықтарын жабу туралы шешіміне кесімді жауап береді",- деп мәлімдеді.
Вашингтон бейсенбі күні Мәскеудің жуырдағы Ресей территориясындағы АҚШ-тың бірнеше дипломатиялық орталығын жауып, жүздеген қызметкердің санын азайту туралы шешіміне реакция білдіріп: "Мәскеу қыркүйектің екісіне дейін Сан-Францискодағы өзінің Бас консулдығын жабуы тиіс",- деп мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, Ресей сонымен қатар Вашингтон мен Нью-Йорктегі консулдықтарын да жабуы керек.