Солтүстік Кореяға қарсы әрекет жасау үшін барлық вариант қарастырылады
(last modified Sat, 02 Sep 2017 13:24:55 GMT )
Қыр 02, 2017 19:24 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяға қарсы әрекет жасау үшін барлық вариант қарастырылады

Ақ Үйдің ақпарат хатшысы жұма күні кешке Вашингтонның Пхеньянға қарсы дұшпандық әрекеттерінің жалғасында: "Солтүстік Кореяға қарсы әрекет үшін барлық вариант қарастырылады",- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сара Хакаби Сандерс: "Вашингтон Солтүстік Корея мәселесін шынайы түрде қадағалап отыр",- деп  қуаттады.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы текетірестер соңғы күндері АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысқұмарлық әдісі салдарынан бұрынғыдан бетер шиеленісе түсті. Трамп тамыздың сегізі күні Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасайтыны туралы қоқан-лоққы жасады.