Мьянмадағы геноцид – жаңа адами апат
(last modified Sun, 03 Sep 2017 15:38:32 GMT )
Қыр 03, 2017 21:38 Asia/Almaty
  • Мьянмадағы геноцид – жаңа адами апат

Иран Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Абдоллаһиан Мьянмадағы аз санды мұсылмандарға қарсы геноцидті жаңа адами апат деп атады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Хосейн Амир Абдоллаһиан жексенбі күні  Твиттердегі парақшасында: «Мьянманың аз санды мұсылмандары гуманитарлық жедел көмектер мен саяси және халықаралық қолдауды қажет етуде»,- деп жазды. Ол сонымен бірге Мьянмадағы аз санды мұсылмандарға қарсы зұлматқа үнсіздік танытып отырған исламдық елдерді сынады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф те тамыз айының 30 күні Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтардың жалғасуына қатысты әлемдік қоғамның үнсіздік танытуына алаңдаушылық білдіріп, Мьянмадағы геноцидті тоқтату үшін  халықаралық шара қолдануды қажет деп қуаттаған болатын.

Мьянма армиясының елдің батысындағы Ракхайн облысындағы рохинья мұсылмандарына қарсы осыдан екі апта бұрын басталған жаңа шабуылдарының салдарынан көптеген адам қаза болып, мыңдаған адам жандарын сақтап қалу үшін Бангладешке қашты.