CIA басшысы "Ортақ қадамға" қарсы пікір білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i30693
АҚШ басшыларының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы пікір білдіруінің жалғасында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (СІА) басшысы: "Иранмен жасалған ядролық келісім келіссөз жүргізуге тұрарлық іс емес еді",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 12, 2017 20:47 Asia/Almaty
  • CIA басшысы

АҚШ басшыларының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы пікір білдіруінің жалғасында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының (СІА) басшысы: "Иранмен жасалған ядролық келісім келіссөз жүргізуге тұрарлық іс емес еді",-деді.

АҚШ  Орталық барлау басқармасының (СІА) басшысы Майк Помпео Fox News телеарнасына берген сұхбатында: "Иранмен жасалған ядролық келісім АҚШ-ты ешбір салада жақсырақ жағдайға жеткізбеді",-деді.

Помпео АҚШ Президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы позициясын ақтап, оның  "Ортақ қадамды" құптауға немесе мойындамауға құқығы бар деген уәж айтып: "Иранмен жасалған ядролық келісім келіссөз жасауға тұрмайтын іс еді. Трамп үкіметі мүшелерінің басым көпшілігі осындай көзқараста",-деді.

Помпео Иранның Иракпен, Сириямен және Ливан мен Сириядағы Хезболламен  қарым-қатынастары жөніндегі негізсіз айыптауларды  қайталап: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол жеткізілгеннен кейін Иранның осы аймақ пен дүние жүзіндегі белсенділігі айтарлықтай артты",-деді.

Дональд Трамп үкіметі сайлауалды уәделерін орындап, жуырда "Ортақ қадамға" қарсы шабуылдарын арттыру арқылы оның күшін жою жайлы сөз қозғады.