Ислам Республикасының стратегиясы – әлеммен тығыз қарым-қатынас жасау
ИИР-ның Президенті Хасан Рухани Нью-Йорк қаласында Ислам Республикасының стратегиясының әлеммен тығыз қарым-қатынас жасау екенін баса айтты.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша Хасан Рухани жексенбі күні кешке Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежайда журналистерге берген сұхбатта: «Революция жетекшісі айтқандай, Иранның стратегиясы әлеммен тығыз қарым-қатынас жасау. Бұл стратегияны халықаралық қоғамдастықпен оңай іске асыруға болады» деп, сапардың негізгі мақсатын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында басшылар деңгейіндегі сессияға қатысып, Иран халқының үнін әлемге жеткізу, сондай-ақ аймақтағы қиын жағдайларды баяндау деп атады.
Хасан Рухани сөзінің жалғасында бүгінгі күні әлемдіктердің қиын жағдайға, әсіресе Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына жасалып жатқан сорақы қарым-қатынастарға куә болып отырғанын айтты.
ИИР-ның Президенті осы сапарда БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысушылардың ортасында сөйлейтін сөзінде Иранның соңғы жағдайларға, әсіресе аймақ пен халықаралық жағдайлар туралы көзқарасы мен Мьянма мұсылмандарының аянышты жағдайына қатысты позициясын баяндайды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы Нью-Йорк қаласында қыркүйектің 19 күні басталып, 25-не дейін жалғасады.