«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жетістіктерінің әлсіреуіне жол бермеу керек
ИИР Президенті Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктеріне әлсіреуге жол бермеу керектігін айтып, барлық тараптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болып, басқа мүшелеріне өз міндеттемелерін толық орындауы қажеттігін еске салуға міндетті екендіктерін қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясының аясында Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесіп, АҚШ-тың қазіргі үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты әрекеттерін әлемдік қоғамды алаңдатуда деп атады. Рухани сонымен бірге Ирак тақырыбы және әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде Францияның Ирактың Конституциясы мен территориялық біртұтастығын қолдауының маңыздылығына тоқталып: «Ирактың Күрдістан аймағының референдумы мен аймақ елдерінің географиялық шекараларды өзгерту әрекеті қатерлі әрі ешбір мемлекеттің мүддесіне сай келмейтін ұзақ мерзімді қақтығыстарға себеп болуы мүмкін»,- деді.
Франция Президенті Эммануэль Макрон де бұл кездесуде Париждің Теһранмен қарым-қатынастарын арттырғысы келетіндігіне тоқталып: «Франция «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының толық іске асырылғанын қалайды. Осы келісім туралы келіссөздерді қайта өткізуді пайдасыз санайды»,- деп мәлімдеді.