Рухани Нью-Йоркте АҚШ мұсылмандарының жетекшілерімен кездесті
ИИР-ның Президенті исламның рақым мен демократияның, ақыл мен ғылымның, кеңесу мен таңдаудың діні екенін қуаттап: "Лаңкестікпен күресудің басты жолы мәдени шаралар өткізіп, исламның шынайы болмысын жас ұрпаққа таныстыру болып табылады",-деді.
ИИР-ның Президенті Хасан Рухани Нью-Йорктегі мұсылмандардың жетекшілерімен кездесуде алпауыт елдердің Ислам елдеріне үстемдік етуге күш салып жатқанына тоқталып: "Алпауыт елдер лаңкестік пен экстремизмнің елдерді ауыздықтайтын, Таяу Шығыс аймағы мен әлемде ислам мен мұсылмандарды жаманатты етуге арналған құрал ретінде жалғаса беруін қалайды",-деді.
Рухани Африка, Таяу Шығыс, Азия және дүниежүзінің басқа жерлерінде күнәсіз адамдардың қырып-жойылуына тоқталып: "Өкінішке орай, күнәсіз адамдардың өлтірілуімен бірге шынайы ислам да құрбандыққа шалынып жатыр. Осылайша ислам дініне қатысты қоғамдық пікірге сызат түсуде»,-деді.
Ол ислам дінін барлық адамзат баласына жетекшілік ете алатын күш деп атап: "Өкінішке орай, лаңкестікпен қатар мұсылмандардың келесі қиындығы ойлаудың түрінде. Онда ислам демократияға, адамдардың дауыс беруі мен дауыс беру учаскелеріне қарсы деп айтылады",-деді.
Алдымен ислам діні мен халықтың дауысы, сайлау мен демократияның арасындағы алшақтықты жоюымыз қажет.
Әлемнің қазіргі жағдайында қиындықтарды шешу үшін исламның шынайы болмысын түсіндіріп, Құран мен пайғамбардың жолын дұрыс тәпсірлеу керек",-деп қуаттады.