Зариф: Егер АҚШ жаңа ұпай алуды көздесе, Иран да ұпай алғысы келеді
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы ұстанымдарын қабылдамай: «Егер Вашингтон жаңа артықшылықтар алуды көздесе, Иран да ұпай алғысы келеді»,-деді
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні «Нью-Йорк Таймс» газетіне берген сұхбатында Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімінің уақытын ұзарту немесе шарттарын өзгерту жайында АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін айтып: «Иран тек Теһран берген әрбір ұпай, соның ішінде ядролық отыннан бас тартуы қайта қарастырылған жағдайда ғана ядролық келісімді өзгерту жайлы келіссөз жүргізетін болады»,-деді.
Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісіміне сәйкес, ИИР өзінің ядролық отынының шамамен 98 пайызын Ресейге тасымалдады.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, АҚШ Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясындағы сөздерін қисынсыз деп атады.
Зариф, сондай-ақ, Нью-Йоркте Жапония Сыртқы істер министрі Таро Кономен кездесіп: «Вашингтонның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты саясаты әлемге АҚШ-пен келіссөз жүргізудің пайдасыз екенін көрсетіп отыр»,-деп қуаттады.
Жапония Сыртқы істер министрі де өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын айтып: «Токио барлық елдерге осы бағдарламаның маңыздылығын ескертті»,-деді.