Әзірбайжан республикасының Ислам партиясы басшысының түрмедегі жағдайы мүшкіл
https://itolqyn.com/news/world-i31183-Әзірбайжан_республикасының_Ислам_партиясы_басшысының_түрмедегі_жағдайы_мүшкіл
Ислам партиясының басшысы Мохсен Самедов Әзірбайжан Республикасындағы Ғобустан түрмесінде нашар жағдайда жатыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 27, 2017 21:08 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасының Ислам партиясы басшысының түрмедегі жағдайы мүшкіл

Ислам партиясының басшысы Мохсен Самедов Әзірбайжан Республикасындағы Ғобустан түрмесінде нашар жағдайда жатыр.

Самедовтің қорғаушысы Ялчин Иманов қорғалушысымен түрмеде кездескен соң, Мохсен қажы 21 шілдеде Ғабустан түрмесіне ауысқаннан бері оған отбасы тарапынан келетін азық-түліктің берілмейтінін және оған отбасы мүшелерімен телефон арқылы сөйлесуге де  рұқсаттың жоқ екендігін айтты.

Әзірбайжан Республикасының исламшыларының бір тобы 2015 жылы 26 қарашада имам Хусейннің қырқы-арбағинді аза тұту рәсімдері кезінде тұтқындалған болатын.