Зариф: Иран Америкаға сенбейді
ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сенім негізінде пайда болған жоқ. Иран да Америкаға сенбейді» деді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні түнде Нью-Йоркте «Азия ассоцияциясы» зерттеу институтында америкалық танымал жүргізуші Чарли Роузбен сұхбатта: «Америка енді «Ортақ қадам» туралы өзінің шешімін жариялау арқылы әлемдік қауымдастық Вашингтонға сене ала ма, жоқ па, соны көрсетуі керек» деді.
Зариф Иранның ешбір халықаралық келісімді бұзбағанын, сондықтан бұдан артық шектеулерді қажет етпейтінін айтып: «Иран ядролық қаруды өзінің ұлттық қауіпсіздігінің мүддесі үшін пайдалы санамайды. Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шығатын болса, Иран жағдайға қарап, тиісті шешім қабылдайды» деді.
Иранның дипломатиялық органының басшысы Арабстанның Йемен мен Сирияға қатысты қате саясаттарына тоқталып: «Сауд Арабиясы аймақтағы маңызды ойыншылардың бірі ретінде аймақтан Иранды жою деген бос қиялды ойынан шығаруы керек. Себебі, аймақтың қауіпсіздігі серіктестікті қажет етеді» деді.
Иран Сыртқы істер Министрі сонымен қатар Ирактың Күрдістан аймағында өткен бөліну туралы референдумды стратегиялық маңызды қателік деп атап, бұл қателіктің салдарларының тек Иракпен шектелмейтінін айтты.