Адам құқығын қорғаушы ұйым АҚШ-пен бірге Иранға қарсы әріптестік жасауда
(last modified Mon, 02 Oct 2017 08:52:58 GMT )
Қаз 02, 2017 14:52 Asia/Almaty
  • Адам құқығын қорғаушы ұйым АҚШ-пен бірге Иранға қарсы әріптестік жасауда

Адам құқығын қорғаушы ұйымы өз баяндамасында «Иран Сириядағы лаңкестерге қарсы соғыста ауған балаларын пайдаланып отыр» деген уәж айтты.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, адам құқығын қорғаушы деп аталатын бұл ұйым өзінің АҚШ-пен ашық түрде әріптестіқ жасайтынын көрсетіп: "ИИР өз жерінде тұрып жатқан ауғандық мигрант балаларды Сирия үкіметіне көмектесу үшін осы елге жіберіп жатыр",- деп мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті де жуырда Вашингтонның Иранға қарсы әрекеттерінің жалғасында Иранды адам контрабандасымен ауқымды түрде айналысады деп айыптап: "ИИР өз еліндегі ауған және пәкістандық мигранттарды Сирияға жіберіп отыр",- деген уәж айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы негізсіз баяндамаға реакция білдіріп: "Адам контрабандасының қайнар көзін біржақты, араласушылықтардан, басқыншылық саясаттар мен тоздыратын соғыстардан, нәсілдік және лаңкестік тазалаулардан іздеу керек керек. АҚШ пен оның одақтастары солардың көбісіне араласады» деп мәлімдеді.

Адам құқығын қорғаушы ұйым (HRW) сондай-ақ лаңкестерге қолдау көрсету мәселесіне қатысты мәлімдемесінде «Ирактың Хашд аш-Шааби халықтық ерікті күштері Мосулдың босқындарын азаптауда» деген уәж айтты.

Ирак премьер-министрі Хейдар әл-Абади бұл айыптауды теріске шығарып: "Ирактық күштер мен қарсыласу қозғалысы бейбіт тұрғындарды құтқару үшін өз бастарын қатерге тігіп отыр",- деп мәлімдеді.