Қаз 07, 2017 22:44 Asia/Almaty
  • Еуропа одағы Ресейге салған санкциядан 30 млрд евро зиян шекті

Еуропа Одағы Американың жетекшілігімен Ресейге экономикалық санкция салуды жалғастыруынан әлі зиян шегуде.

Еуропа Парламентінің өтінішімен жасалған австриялық экономикалық университеттің зерттеулері 2014 жылдан осы уақытқа дейін еуропалық елдерге 30 млрд евордан астам зиян келгенін көрсетті.

Осы зерттеулерге сәйкес, 2014 жылдан бері Еуропаның Ресейге экспорты жылына 15, 7 пайыз төмендеп, санкциялардың салынуымен 40 пайызға жеткен. 2013 жылы Еуропаның Ресейге экспорты 120 млрд евроны құраған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 72 млрд евроға төмендеді. Ресей мен Еуропа елдерінің байланысы Қырым және Украина дағдарысынан бері ушығып кетті.

2014 жылдың маусым айында Еуропа мен Америка ресейлік жеке тұлғалар мен компанияларға санкция салуды бастады. Соңында осы елдің экономикалық барлық ұйымдарына санкция жариялады.

 

Тегтер