Эрдоған АҚШ-тың түрік азаматтарына виза бермеу шарасына реакция білдірді
(last modified Tue, 10 Oct 2017 08:41:53 GMT )
Қаз 10, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Эрдоған АҚШ-тың түрік азаматтарына виза бермеу шарасына реакция білдірді

Түркия Президенті АҚШ-тың түрік азаматтарына виза бермеу шарасына реакция білдіріп, Түркияның АҚШ-тың осы әрекетіне қарсы шара қолданатынын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Анкарадан хабарлауына сәйкес, Украинаға ресми сапармен келген Реджеп Тайып Эрдоған Киевте АҚШ-тың Түркия азаматтарына виза беруге тыйым салуына наразылық білдіріп, Түркияны заңға негізделген мемлекет деп атап, Түркия Сыртқы істер министрлігінен ұқсас шара қолдануды талап етті.

Стамбулда тыңшылық жасау мен өткен жылғы Түркиядағы сәтсіз төңкеріске қатысты айыпталған Гюлен тобымен қарым-қатынасы бар деген күдікпен АҚШ консулдығы қызметкерлерінің бірі ұсталғаннан кейін Анкара мен Вашингтонның саяси қайшылықтары екі жақтың бір-бірінің азаматтарына виза бермеуіне себеп болып, дағдарысқа тірелді.

АҚШ түркиялық азаматтарға виза беруге тыйым салғаннан кейін Түркия Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы АҚШ елшісінің бірінші орынбасарын шақыртты. Түркия Сыртқы істер министрлігі АҚШ елшісінің бірінші орынбасарынан түркиялық азаматтарға виза беру рұқсатын бұрынғы жағдайға қайтаруды сұрады.