Ресей: Америка әскерилерінің Корей түбегінде орналасуы – арандатушылық шара
Ресей СІМ-нің жауапты қайраткері Корей түбегіндегі Америка теңіз күштерінің орналасуын арандатушы әрекет деп атады.
Ресей СІМ-нің Солтүстік Америка департаментінің директоры Георгий Борисенко: «Американың ұшақ тасығыш кемесінің Корей түбегіндегі сулардағы құзыры аймақ елдеріне арандатушылық қатерін тудырады. Әсіресе, Ресей Солтүстік Кореямен ортақ шекараға ие» деді.
Борисенконың сөздері Американың соғыс кемелері ұшақ тасығыш кемелерімен бірге Корей түбегіндегі суларға аттанған жағдайда айтылып отыр.
Американың ұшақ тасығыш кемелері мен соғыс кемелерінің Корей түбегінің шиеленіске толы аймағында орналасуы бұрын-соңды болмаған жағдай.
Америка мен Солтүстік Корея арасындағы кикілжің Америка президенті Дональд Трамптың соғысқұмар ұстанымымен бұрынғыдан бетер күшейе түсті.
Трамп Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасаумен қоқан-лоққы жасап, Пхеньян да Америка мен оның одақтастары Солтүстік Кореяға қарсы қоқан-лоққыларын жалғастыратын болса, бұл елдің де әскери әлеуеттері мен алдын алу соғысы үшін дайындықтарын күшейтуді жалғастыратынын қуаттады.