Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі Баку Ислам Университеті түлектерінің дипломдарын растаудан бас тартты
Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі Баку Ислам Университеті түлектерінің дипломдарын растаудан бас тартты.
Әзірбайжан Республикасының Эйлар ақпарат агенттігі Әзірбайжан үкіметі шетелде діни сала бойынша білім алған дін мамандарының жұмыстарына тыйым салғандықтан, Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі де Баку ислам университеті түлектерінің дипломдарын растаудан бас тартып отырғанын хабарлады.
Осы мәлімет бойынша негізі 1989 жылы қаланған Баку ислам университетінің 3500 түлегі осы уақытқа дейін өздерінің дипломдарын Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі тарапынан растай алмағандықтан, жоғары академиялық дәрежеде оқуларын жалғастыра алмай отырған көрінеді.
Баку ислам университетінің түлектері Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Аллахшукюр Пашазадемен кездесуді сұрағанымен, онымен кездесуге рұқсат берілмеді.