Хельга Шмидт: "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты келіссөз қайтадан өткізілмейді
Еуропалық одақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қайтадан келіссөз жүргізу туралы ұсынысты қабылдамады.
Еуропалық одақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары Хельга Шмидт Германияның Welt арнасына берген сұхбатында: ""Ортақ қадам" бағдарламасы ядролық қаруды таратуға тыйым салу мәселесіне қатысты болып, толығымен өз мақсатын жүзеге асырды. Сондықтан, қайтадан келіссөз жүргізудің қажеті жоқ",- деп баса айтты.
Шмидт тағы да АҚШ президенті Дональд Трамптан біржақты түрде "Ортақ қадам" бағдарламасынан шықпай, керісінше оған берік болуды сұрап: "Иран мен "алтылық» тобы арасындағы ядролық келісім ауыр жағдайлардағы 12 жылдық келіссөздердің нәтижесі саналады. Иран ядролық келісімді жүзеге асырып жатқан кезге дейін келісімнің барлық тараптарынан да оған берік болу күтіледі",- деп қуаттады.