Нау 25, 2016 18:44 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ресей Сирияда жаңа Конституцияның реттелуін сұрады

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Вашингтон мен Мәскеудің биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін Сирияда жаңа Конституцияның реттелуін сұрайтынын мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен сұхбаттасқаннан кейін бейсенбі күні Мәскеуде өткен баспасөз маслихатында: "Ресей Сирия Президенті Башар Асадтың дұрыс шешім қабылдауына көмектесуге қажет деп санайтын нәрсені өзі таңдауы керек. Бірақ біз бүгін Сириядағы саяси үдерісті ілгерілету талпыныстарын жылдамдатуды ұйғардық. Ресейдің бұл талпыныстарға толығымен қатысатындығына сенімдімін. Біз барлығымыз Асадтың алдағы күндері саяси үдеріске қатысуға байланысты Сирияда бейбітшілік орнатуға көмектесетін дұрыс шешім қабылдауы үшін талпыныс жасауды ұйғардық" деді.

Лавров АҚШ пен Ресейдің Женева келіссөздерінде сириялық қарсыластар мен үкімет өкілдерінің арасында тікелей сұхбаттардың орын алуы үшін талпыныс жасауға келіскенін хабарлады.

Сирияның бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі 9 сәуір күні Женевада басталады.

Тегтер