Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасады
Қаз 14, 2017 23:38 Asia/Almaty
Солтүстік Корея АҚШ-тың бұл елге қарсы қоқан-лоққылары жалғасқан жағдайда АҚШ-тың Гуам аралында орналасқан әскери базасын зымыранмен нысанаға алатынын хабарлады.
Солтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі сенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Twitter парақшасындағы Пхеньянға қарсы қоқан-лоққысы жалғасатын болса, Гуам аралында орналасқан АҚШ-тың әскери базасын нысанаға алатынын ескертті. Сондай-ақ, бұл мәлімдемеде «Трамп Твиттердегі жазбаларымен Солтүстік Кореяға нақты қоқан-лоққы жасап жатқанда, АҚШ заманауи қару-жарақтары мен зымырандарын Гуам аралдарына жіберіп жатыр» деп айтылды.
Тегтер