Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығы АҚШ-пен арадағы мәселелерді арттырды
(last modified Wed, 18 Oct 2017 10:51:00 GMT )
Қаз 18, 2017 16:51 Asia/Almaty
  • Еуропаның

АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы уәждерін қайталап, Иранды айыптауын жалғастырып отырған жағдайда еуропалық мемлекеттер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу туралы қуаттауда.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні кешке Иранға қарсы бос сөздерін жалғастырып, бұл елді қатерлі деп атап, оның Иранға қатысты жаңа стратегиясының исламдық республиканың ядролық қаруға ие болуына тыйым салатыны туралы уәж айтты.

Трамп Heritage ұйымында Иранға қарсы негізсіз айыптауларын қайталауымен бірге Теһран лаңкестікті қолдайды деген уәж айтты. Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі  Федерика Могерини Еуроодақ Сыртқы істер министрлерінің Люксембургтегі отырысы және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдау туралы мәлімдеменің бекітілуінен бір күннен кейін қайтадан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының маңыздылығы мен оны сақтап қалу қажеттігін қуаттап: "Бұл халықаралық келісімнің арқасында әлем де, Иран халқы да жеңіске жетті",- деді. Могерини Иран мен "алтылық" тобының келісімін "ұтыс-ұтыс" келісімі деп атап: " Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің құжаттары бойынша, ИИР "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерінің барлығын орындады",- деп мәлімдеді.

Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні екінші рет телефон арқылы сөйлесіп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы және барлық тараптардың бұл келісімдегі өз міндеттемелеріне табанды болу қажеттігін  қуаттады. Франция Президенті Эммануэль Макрон осыдан бұрын Париждің Иранға қатысты пікірінің АҚШ-пен бірдей емес екені туралы айтқан болатын.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон да сейсенбі күні бұл елдің Қауымдар палатасында: «"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  өміршең және өзгермейді»,- деді. Джонсон АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималына тоқталып: "Біз, Франция, Германия, Қытай, Ресей және Еуроодақтың басқа мүшелерімен бірге аталмыш келісімді сақтап қалу үшін ынтымақтастық жасаймыз",- деді.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  басынан бастап бірнеше жақты және БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі растаған келісім болды. АҚШ Климат жөніндегі Париж келісімінен немесе ЮНЕСКО-дағы мүшелігінен шыққандай, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына да теріс қарамақ. АҚШ-ның мақсаты – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына кедергі жасап, Иранның экономикалық дамуына тосқауыл жасау. Бірақ, мұндай қастықтарға қарамастан, еуропалық және азиялық ірі компаниялар Иранмен қарым-қатынастарын дамытатыны туралы қуаттады.

Францияның Тотал компаниясының атқарушы директоры Патрик Пуянне: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болуын жарияламауы бұл компания мен Иранның жобалары мен келісімдеріне әсерін тигізбейді",- деді.

Францияның Тотал компаниясы Иранның ұлттық мұнай компаниясымен "Оңтүстік Парс" нысанының 11-ші фазасын дамыту саласындағы құны 4 миллиард 800 миллион долларық келісімге қол қойды.

Бүгінде Еуропа мен АҚШ арасындағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына ғана емес, Дүниежүзілік сауда ұйымы, қоршаған орта мен қарусыздандыру мәселесіне қатысты қайшылықтар артуда. АҚШ-ның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы әрекеттері бұл елге сенім артуға болмайтынын дәлелдеді.