Ауғанстанның Қандағар облысындағы әскери базадағы жарылыс салдарынан 25 адам қаза болды
(last modified Thu, 19 Oct 2017 16:29:39 GMT )
Қаз 19, 2017 22:29 Asia/Almaty
  • Ауғанстанның Қандағар облысындағы әскери базадағы жарылыс салдарынан 25 адам қаза болды

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар облысында орналасқан әскери база жарылыс шабуылының нысанасына алынып, соның салдарынан 25 адам қаза тапты.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің Кабулдан хабарлауы бойынша, бейсенбі күні таңертең бір шабуылдаушы жарылыс заттарына толы автокөлікпен Ауғанстанның Қандағар облысындағы Майванд қалашығында орналасқан әскери базаға басып кіріп, өзін жарып жіберу арқылы басқа шабуылдаушыларға жол ашқан.

Жарылыс салдарынан қазірге дейін кемінде 25 әскери адам қаза болып, онға жуық әскери жараланған. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл.

Кейбір ақпарат көздері жарылыстан зардап шеккен құрбандардың санын 70-ке жуық деп хабарлады.

Осы уақытқа дейін ешбір адам немесе топ бұл жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алмағанымен Қандағар облысы талибандардың жасырынатын маңызды мекендерінің бірі саналады.