Еуропа басшылары "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік екендіктерін қуаттады
Еуроодаққа мүше 28 елдің басшылары АҚШ Президенті Дональд Трамптың пікіріне керісінше Иранмен ядролық келісімді қолдайтындықтарын білдіріп жатыр.
АҚШ-тың "Associated Press" ақпарат аненттігінің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың ақпарат өкілі Пребен Аман бейсенбі күні Twitter əлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Еуроодақ басшылары бейсенбі күні Брюссельде Еуропа кеңесінің отырысында ядролық келісімге қатысты өздерінің ортақ міндеттемелерін көрсетуге келісті. Басшылар отырысы соңындағы қорытынды мəлімдеменің Иранға қатысты тармақтары өзгертусіз бекітілді. Еуропа кеңесі Иранмен ядролық келісімдегі өз міндеттемелеріне берік екендіктерін тағы да растап, Сыртқы істер кеңесінің 2017 жылдың 16 қазанында жариялаған мəлімдемесін қолдайды",-деп жазды.
Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини бейсенбі күні Брюссельде Еуропа кеңесінің отырысынан бұрын тілшілерге берген сұхбатында: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – Еуроодақ пен Таяу Шығыс аймағының қауіпсіздік саласындағы мүдделеріне сай. Біз оның барлық елдер тарапынан толық орындалуын қадағалауға міндеттіміз",-деді.