Алиев: Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы келісімдердің нәтижелері көріне бастады
Әзірбайжан Республикасының президенті Теһран мен Баку арасындағы тауар айналымы көлемінің айтарлықтай өсуіне тоқталып: "Бұл көрсеткіштің артуы Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасында жасалған барлық келісімдердің жүзеге асырылып, өз жемісін бере бастағанын дәлелдеп отыр",- деп баса айтты.
Әзірбайжан Республикасының президенті Теһран мен Баку арасындағы тауар айналымы көлемінің айтарлықтай өсуіне тоқталып: "Бұл көрсеткіштің артуы Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасында жасалған барлық келісімдердің жүзеге асырылып, нәтижелерінің көріне бастағанын дәлелдеп отыр",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев жұма күні Бакуде Иранның Экономика және қаржы министрі Масуд Карбасианмен кездесуінде: "Өткен жылдағы екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 70 пайызға артты. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айы ішіндегі бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға өскенін",- деді.
Алиев Иран мен Әзірбайжан Республикасы қарым-қатынастарын қарқынды әрі табысты түрде дамыту қажеттігін қуаттап, екі ел басшыларының кездесулерін қатынастарды нығайтуда өте әсерлі деп атады.
Масуд Карбасиан де екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға өз үлесін қоса алатындығына үміт білдірді.
Алиев пен Карбасиан, сондай-ақ Иран мен Әзірбайжан Республикасының экономика, тасымал, сауда-саттық, Солтүстік-оңтүстік тасымал дәлізі құрылысын аяқтау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен банк ісі салаларындағы ынтымақтастығы жайында пікір алмасты.