Ресейдің Қорғаныс министрі НАТО-ның Еуропаның шығысындағы әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді
(last modified Sat, 28 Oct 2017 15:54:13 GMT )
Қаз 28, 2017 21:54 Asia/Almaty
  • 
Ресейдің Қорғаныс министрі НАТО-ның Еуропаның шығысындағы әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді

Ресейдің Қорғаныс министрі елдің шығыс шекараларында НАТО-ға мүше елдердің әрекеттеріне байланысты жағдайдың шиеленісе түскенін хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елінің Қорғаныс министрлігінің жоғары деңгейлі басшыларының ортасында сөйлеген сөзінде Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымына мүше елдердің қарулы күштерінің әскери операциялық әрекеттерінің Ресей шекараларының маңында артып бара жатқанын мәлімдеді.

Ресейдің Қорғаныс министрі өткен үш айда Еуропаның шығысы мен Балтық аймағы елдерінің аумағында отыздан астам жаттығудың өткізілгенін мәлімдеп: «Ресейдің батыс шекараларындағы әскери саяси жағдай ушығып тұр. Жағдай бұдан бетер ушыға түсуі ықтимал» деді. Сергей Шойгу заманауи қару-жарақтар мен кәсіби әскери технологиялармен қамтамасыз етудің елдің күн тәртібінде тұрғанын, осы бағытта 2017 жылдың соңына дейін Ресейдің батысындағы әскери күштерге жаңа, заманауи әскери құрал-жабдықтардың берілетінін айтты.

НАТО Еуропаның шығысында Ресеймен Украина дағдарысына байланысты алауыздыққа ие. Олардың қатынасы қырғи қабақ соғысынан кейінгі ең нашар жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.