Сирия Америка мен Францияның Хан-Шейхун оқиғасы туралы есебіне наразылық білдірді
(last modified Wed, 08 Nov 2017 16:07:15 GMT )
Қар 08, 2017 22:07 Asia/Almaty
  • Сирия Америка мен Францияның Хан-Шейхун оқиғасы туралы есебіне наразылық білдірді

Сирияның СІМ Америка мен Францияның Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы оқиға туралы ан-Носрат лаңкестік тобының серіктестігімен әзірленген есебін айыптады.

Сирияның хабар агенттігі SANA-ның мәліметі бойынша Сирия СІМ-гі жауапты басшылардың бірі Франция СІМ-нің Хан-Шейхун оқиғасы туралы 2017 жылдың қараша айының 24 күнгі мәлімдемесін теріске шығарып: «Америка мен Батыс елдерінің Дамаскке көбірек саяси қысым жасау мақсатындағы нұсқауларын жүзеге асыру және лаңкестердің қылмыстары мен Хан-Шейхун оқиғасын жүзеге асырушыларды жасыру  бағытында жасалған ортақ зерттеулердің нәтижелері қабылданбайды» деді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Ресейдің өкілі Владимир Сафронков Сирияның Хан-Шейхун аймағында орын алған оқиғаға қатысты есепті лаңкестер тарапынан ұсынылған мәліметтерге негізделген деп атады.

2017 жылдың сәуір айының 4 күні Сирияның Идлиб облысындағы Хан-Шейхун аймағында жасалған химиялық шабуылда 100-ден астам адам қаза болып, шамамен 400 адам зардап шекті.

 

Тегтер