Вашингтон Теһран мен Исламабадтың арасына іріткі салуға талпыныс жасауда
ИИР-ның Пәкістандағы елшісі елдердің қарым-қатынастарына қарсы жасалатын кейбір қастықтарға тоқталып, Вашингтонның Теһран мен Исламабадтың арасына іріткі салу үшін талпыныс жасап, жоспар құрып жатқанын айтты.
ИРНА-ның бейсенбі күнгі хабарлауынша, Мехди Хонардуст Пәкістанның ағылшын тіліндегі Nation газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иран мен Пәкістанның жақын қарым-қатынастарына қарсылығы туралы: "Иран мен Пәкістанның ынтымақтастық мүмкіндіктері мен екі ел халықтарының байланыстарды кеңейтуге деген ерік-жігері батыстықтардың, әсіресе, АҚШ-тың арандатушылық көзқарастарына қайшы келеді" деді.
Иранның Исламабадтағы елшісі Пәкістан мен Иранның лаңкестікке қарсы ортақ ынтымақтастықтары туралы: "ДАИШ пен шекаралық аймақтардағы лаңкестер екі елге шынайы қауіп-қатер тудырып отыр. Иран мен Пәкістанның лаңкестікпен күрес саласында келісімге келетін мүмкіндігі бар" деді.
Хонардуст сонымен қатар Ауғанстанды трансаймақтық арандатушы алпауыттардың лаңкестік топтардың қолдауынан туындап отырған лаңкестіктің құрбаны деп атап: "Ауғанстанның қиыншылықтарын елдің екі маңызды көршісі саналатын Иран мен Пәкістанның ортақ ынтымақтастықтары және осы елдің орталық үкіметін қолдау арқылы шешуге болады" деді.
Иранның Исламабадтағы елшісі АҚШ-тың Ауғанстандағы құзырын тұрақсыздық, соғыс пен қантөгістің факторы деп атады.