Әзірбайжан Республикасы мен Иран темір жол желісінің құрылысы туралы келісімге келді
(last modified Thu, 16 Nov 2017 15:50:03 GMT )
Қар 16, 2017 21:50 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан Республикасы мен Иран темір жол желісінің құрылысы туралы келісімге келді

Әзірбайжан республикасының Темір жолдарының басшысы осы ел мен ИИР арасында "Решт-Астара" бағытында темір жол желісінің құрылысы туралы құны 500 миллион долларды құрайтын келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Джавид Курбанов "Солүстік-Оңтүстік" халықаралық дәлізінің бір бөлігі ретінде  "Решт-Астара" темір жол желісі құрылысының екі айдан кейін басталатынын айтып, жобаның бірінші фазасының ағымдағы жылдың желтоқсан айында, екінші фазасының 2020 жылға дейін аяқталатынын мәлімдеді. Аталмыш жоба аяқталғаннан кейін ұзындығы 164 шақырымды құрайтын темір жол желісі қолданысқа беріледі.