Хошру: АҚШ Ауғанстанға шабуыл жасағаннан бері әлем қауіпсіздікті сезуден қалды
(last modified Tue, 21 Nov 2017 08:37:42 GMT )
Қар 21, 2017 14:37 Asia/Almaty
  • Хошру: АҚШ Ауғанстанға шабуыл жасағаннан бері әлем қауіпсіздікті сезуден қалды

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі АҚШ Ауғанстанға шабуыл жасағаннан кейін әлемнің қауіпсіздікті сезуден қалғанын қуаттап, халықаралық қоғамнан Ауғанстанға лаңкестікпен күресу үшін көмектесуді сұрады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ғоламхосейн Хошру  дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының Ауғанстан тақырыбындағы отырысында өткен айлардағы бұл мемлекеттегі лаңкестік шабуылдардың артуына тоқталып, оларды АҚШ-тың бұл елге жасаған шабуылынан кейінгі үдерістің жалғасы деп атады.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі ИИР-ның Ауғанстанды қолдайтынын қуаттап: "Иран 30 жылдан артық уақыт бойы миллиондаған ауғандықты паналатып  келеді",- деді.

Хошру сондай-ақ, БҰҰ-ның қарамағындағы органдардың өткен жылы Ауғанстандағы есірткі өндірісінің 87 пайызға артуы туралы нәтижеге жеткендігіне алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қоғамнан есірткіге қарсы шара қолдану саласындағы халықаралық және аймақтық бастамаларға қолдау көрсетуге мүдделік танытты.

 

 

Тегтер