Иран президенті Сочи отырысында Сирия дағдарысы үшін үш шешім жолын ұсынды
ИИР президенті Сочи қаласында өткен Ресей, Түркия мен Иран басшыларының отырысында Сирия дағдарысын шешу үшін үш шешім жолын ұсынды.
Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Иран мен Ресей және Түркия президенттерінің Сочи қаласында өткен отырысында лаңкестікпен соғыстың әлі аяқталмағанына және ДАИШ-ке қарсы жуырдағы жеңістің Сирия мен аймақтағы тәкфіршіл лаңкестердің қаупін ұмытуға себеп болмауына тоқталып: "Бірінші шешім жолына сәйкес, алдымен Сирия халқына елдегі лаңкестікті толық жеңу үшін бірігіп, сұм құбылыспен күресуді жалғастыруы үшін көмектесу керек. Күресте Сирияның ұлттық егемендігін міндетті түрде құрметтеу қажет",- деді.
Рухани екінші шешім жолын ұсынғанда қазір Сирияның заңды үкіметінің келісімінсіз бұл мемлекеттің жерінде бөгделердің әскери құзыры үшін ешбір сылтаудың жоқ екенін баса айтып: "Лаңкестер мен олардың демеушілерімен ұзақ жылдарға созылған соғыстан кейін Сирия халқы жаңа жағдайларды пайдаланып, халықтың негізгі бостандықтарына кепіл берілетін, тайпалардың түрлілігіне құрмет көрсетіліп, халықтың билігі орнатылған келешек құра алатын жағдайда тұр",- деді.
Иран президенті Сирия дағдарысын шешудің үшінші шешім жолын мәлімдеп: "Халықаралық қауымдастықтың Сирия болашағында атқаратын рөлі Сирияда тұрақтылыққа қол жеткізу, адами қайғы-қасіреттің көзін жою мен Сирияны қайта құру шеңберіндегі осы елдің халқына көмектесуге бағытталуы тиіс және Сирияның ішкі істеріне араласуды немесе Сирия халқына өз пікірін таңуды көздемеуі тиіс",- деді.