Тиллерсон: Башар Асад Сирияның келешегінде рөл атқармауы керек
(last modified Wed, 29 Nov 2017 10:36:42 GMT )
Қар 29, 2017 16:36 Asia/Almaty
  • Тиллерсон: Башар Асад Сирияның келешегінде рөл атқармауы керек

АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сейсенбі күні Уилсон орталығында «Сирия Президенті Башар Асад өз елінің келешегінде рөл атқармауы керек» деп тағы қуаттады.

АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон Вашингтонның Сирияны Асадсыз көргісі келетінін бұдан бұрын да мәлімдеген болатын.

Башар Асад АҚШ пен оның одақтастары қолдайтын лаңкестерге қарсы күресте маңызды рөл атқарды.

Тиллерсон сондай-ақ, бұл мемлекет басшыларының Иранға қарсы уәждерінің жалғасында  Иранды аймақтағы бүлдіргі әрекеттермен айыптап, Еуроодақтан Иранға қарсы ұстаным білдіріп, АҚШ-қа қосылуды сұрады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп қазан айының 13 күні Иран халқына қарсы негізсіз уәждерін қайталап, «Теһран лаңкестікті қолдайды» деген уәж айтып, Вашингтонның қолдауына ие Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қарсы күресте маңызды рөл атқарған Сақшылар корпусын жаңа санкцияларының тізіміне енгізген болатын.

 

 

Тегтер