Иран АҚШ-та бір ирандық жігіттің өлтірілуіне ресми наразылық білдірді
(last modified Thu, 30 Nov 2017 09:30:17 GMT )
Қар 30, 2017 15:30 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-та бір ирандық жігіттің өлтірілуіне ресми наразылық білдірді

ИИР АҚШ-тың Ирандағы мүдделерін қорғаушы ретіндегі Пәкістан елшілігіне АҚШ полициясының бір ирандық-америкалық жігіттің қаза болуына соқтырған атысына қатысты нота жолдап, бұл қылмыстың тез арада тексерілуін талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИИР-ның АҚШ-тағы мүдделерін қорғайтын Вашингтондағы кеңсенің наразылық нотасында 25 жастағы Бижан Қейсар есімді ирандық-америкалық жігіттің АҚШ полициясының дәлелсіз оқ атуы салдарынан қаза болғанына өкініш білдіріліп: «АҚШ полициясы Қейсарға оқ ату себебін әлі түсіндірген жоқ. Куәгерлердің бірінің айтуынша, оқ жақын қашықтықта атылған. Егер бір исламдық елдің полициясы осындай қылмыс жасаса, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мұны бір лаңкестік әрекет деп атап, тез арада оны айыптаған болар еді. Алайда, енді осы елдің полициясы бір шетел азаматына оқ атқанда олардан үн шықпайды»,-деп жазылған.

28 қараша күнгі кейбір америкалық ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, 25 жастағы Бижан Қейсар есімді ирандық-америкалық жігітке 17 қараша күні Солтүстік Вирджиния штатында жол-көлік оқиғасы орнынан қашты деген сылтаумен АҚШ полициясы тарапынан оқ атылып, бірнеше күн ауруханада жатқаннан кейін 27 қарашада көз жұмған.