Зариф Әзірбайжанға келді
(last modified Fri, 01 Dec 2017 12:33:40 GMT )
Жел 01, 2017 18:33 Asia/Almaty
  • Зариф Әзірбайжанға келді

ИИР Сыртқы істер министрі жұма күні таңертең "Азия жүрегі" конференциясына қатысу үшін Бакуге келді.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Бакуге Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяровтың шақыруымен келді.

Зариф "Азия жүрегі" конференциясына қатысып, сөз сөйлеуімен бірге конференцияға жиналған кейбір басшылармен, соның ішінде Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен кездесіп, пікір алмасады. "Азия жүрегі" конференциясы 2011-ші жылдан бастап, кезекпен аймақ елдерінің бірінде ынтымақтастықтарды кеңейту, мәселелерді шешу және Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайды жақсарту мақсатында өтуде.

"Азия жүрегі" конференциясы бүгін, жұма күні 14 елдің, соның ішінде Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Қытай, Ресей, Үндістан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі және 12 аймақтық және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуы және 17 елдің қолдауымен Бакуде өтіп жатыр.