Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i32679-Мәскеуде_Каспий_теңізі_жағалауындағы_елдердің_Сыртқы_істер_министрлерінің_отырысы_өтеді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 04, 2017 08:17 Asia/Almaty
  • Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы дүйсенбі күні Мәскеуде Каспий теңізі жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтетінін хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми: «Мәскеу отырысына Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен бірге елдің саяси, құқықтық, шекара және басқа салалардың эксперттері қатысады. Мәскеу отырысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі конвециясының жобасының баптары мен Каспий теңізі жағалауындағы елдер басшыларының алдағы саммитінде қол қойылатын құжаттар туралы пікір алмасу өтеді»,- деді.