Сардар Солеймани Орталық Барлау Басқармасы жолдаған хатты ашқан жоқ
(last modified Mon, 04 Dec 2017 02:46:41 GMT )
Жел 04, 2017 08:46 Asia/Almaty
  • Сардар Солеймани Орталық Барлау Басқармасы жолдаған хатты ашқан жоқ

АҚШ Орталық Барлау Басқармасының (СІА) басшысы Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысына хат жолдағаны туралы хабарлады.

«Вашингтон пост» газеті Орталық Барлау Басқармасының басшысы Майк Помпеонің сенбі күні Дональд Рейган штабының отырысында Қасем Солейманига хат жіберіп, Ирактағы АҚШ мүдделеріне қарсы шабуылына қатысты ескерту жасағаны туралы уәж айтты. Помпеоның айтуынша, Солеймани оның хатын оқымаған.

АҚШ-ның Орталық Барлау Басқармасының басшысы Иранға қарсы бұрынғы уәждерін қайталап: «Бұл мемлекет Таяу Шығыс аймағындағы ықпалын нығайтқысы келеді»,- деді. Америкалық басшылардың Иранға қарсы уәждері ИИР лаңкестікке қарсы күрестің алғы шебінде орналасып, көптеген жеңістерге жеткен жағдайда айтылуда.